Хоккей

Павлодар клубы жаңа бапкердің тағайындалғанын хабарлады

Павлодар клубы жаңа бапкердің тағайындалғанын хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

«Ертістің» жаңа жаттықтырушылар штабы құрылды. Владимир Оленченко команданың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Якушев дене шынықтыру жаттықтырушысы қызметін жалғастырады.

Оленченко Владимир Сергеевич ойыншы ретінде «Торпедо», «Горняк», «Еңбек» командаларында ойнады, сонымен қатар үш маусым «Ертісте» де ойынаған.

Мансабын аяқтағаннан кейін ол Павлодардағы «Арлан» және «Muniashy»» сияқты жастар клубтарында жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істеді.

Ол 2020/21 маусымын «Muniashy» командасының бас жаттықтырушысы ретінде бастады, бірақ маусым аяқталмай клубтан кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер