Бокс

Ердос Жаңабергенов: Токиода төрешілер Сәкен Бибосыновқа әділетсіздік жасады

Ердос Жаңабергенов: Токиода төрешілер Сәкен Бибосыновқа әділетсіздік жасады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Токио Олимпиадасындағы жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты деп жазады Olympic.kz.

"Токио Олимпиадасы да мәресіне жетті. Боксшыларымыздың алтынсыз қалғаны өкінішті. Бапкерлер құраманы жақсы дайындықен алып барды, оларға қолдан келгеннің бәрін жасады. Бір сөзбен айтқанда, спортшыларымызға тек қана шаршы алаңға шығып, жұдырықтасу ғана қалды. Әрине, кейбір сәттерде боксшыларымыздың өзінен қате кетті.

Ал Сәкен Бибосыновтың жағдайы мүлде бөлек. Сәкеннің үлкен дайындықпен барғаны байқалып тұр. Жартылай финалда төрешілер әділетсіздік жасады. Боксшының обалына қалды десем де, артық емес. Ол финалға лайық бокс көрсетті, ақтық сында алтынға таласатын жігіт еді. Дегенмен, бұл спорт. Сәкенге барша халықпен бірге мен де тілеулес болып, қолдау көрсеттім. Өзіне де хабарласып, нағыз батырларша айқасқанын айттым. ОЛ өз міндетін өте жақсы орындады", - деді Жаңабергенов.

Айта кетелік, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалында 2:3 есебімен ұлыбританиялық Джалаль Яфаиден ұтылып, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер