Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Алматыда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды, деп жазады Prosports.kz.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы жиын 15 тамызға дейін созылады.
Бас бапкер Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды.
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Атырау»);
Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов (екеуі де - «Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев (екеуі де - «Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»), Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей).
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді. Қазақстан топтық кезеңде Литва, Коста-Рика және Венесуэла құрамаларымен кездеседі.