Түркменістан мен Қырғызстан озып кетті. Қазақстан медальдар есебінде нешінші орын алды?

Түркменістан мен Қырғызстан озып кетті. Қазақстан медальдар есебінде нешінші орын алды?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Токио Олимпиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ОЛипмиада қорытындысы бойынша медальдар есебінде АҚШ құрамасы бірінші орын алды - америкалықтар 113 медаль еншіледі. Оның 39-ы алтын, 41-і күміс және 33-і қола жүлде. Бұған дейін көш бастап тұрған Қытай екінші орынға сырғыды - 38 алтын, 32 күміс және 18 қола медаль. Үздік үштікті Олимпиада қожайыны Жапония түйіндеді - 58 медаль (27 алтын, 14 күміс және 17 қола).

Ал Қазақстан медальдар есебінде 83-орын алды. Біздің құрамасы биылғы Олимпиадада алтын медаль еншілей алмады. Қоржынға сегіз медаль түсті - бәрі де қола. Көрші елдермен салыстырсақ, Ресей (20-28-23) бесінші орынға тұрақтады. Ал үш алтын мен екі қола медаль еншілеген Өзбекстан 32-орында. Қырғызстан (0-2-1) 70-сатыда тұр.

Медальдар есебі:
1. АҚШ — 39-41-33
2. Қытай — 38-32-18
3. Жапония — 27-14-17
4. Ұлыбритания — 22-21-22
5. Ресей — 20-28-23
6. Аустралия — 17-7-22
7. Нидерланды — 10-12-14
8. Франция — 10-12-11
9. Германия — 10-11-16
10. Италия — 10-10-20
32. Өзбекстан — 3-0-2
33. Грузия — 2-5-1
44. Украина — 1-6-12
45. Беларусь — 1-3-3
59. Эстония — 1-0-1
59. Латвия — 1-0-1
67. Әзербайжан — 0-3-4
69. Армения — 0-2-2
70. Қырғызстан — 0-2-1
77. Литва — 0-1-0
77. Түркменістан — 0-1-0
83. Қазақстан — 0-0-8
86. Молдова — 0-0-1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер