Әлем футболы

«Барселона» президенті Месси қай клубқа ауысатынын айтты

«Барселона» президенті Месси қай клубқа ауысатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» президенті Жоан Лапорта аргентиналық Лионель Месси қай клубқа ауысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tuttomercatoweb сайтына сілтеме жасап.

«Месси ПСЖ-ға ауысады. Ол бізбен бірге қалғанын қалап едім, бірақ бұл мүмкін емес. Бар күшімді салдым», – деді Лапорта мадридтік «Реал» президенті Флорентино Перес пен туриндік «Ювентус» президенті Андреа Аньеллимен кешкі ас барысында.

5 тамызда «Барселона» Месси командадан кететінін хабарлаған болатын.

Фото npr.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер