Қазақстан кубогы: 5-тур ойындарының тікелей трансляциясы
![Қазақстан кубогы: 5-тур ойындарының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202108/203991_e51f9f82b858e20775f0b41fd6eeef1a.jpg?v=28674664)
8 тамызда футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 5-туры аясында 4 матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кезекті турдың кездесулері Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Түркістанда өтеді.
Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де Алматыда «Қайрат» пен «Жетісу» кездеседі.
Алматыдағы ойынмен бірдей уақытта «Тобыл» өз алаңында «Таразды» қабылдайды.
21:00: Нұр-Сұлтанда жергілікті «Астана» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі.
Ойын күнінің соңғы матчы Түркістанда өтеді. «Тұран» ақтаулық «Каспиймен» кездеседі. «Түркістан-Аренадағы» матч 21:00-де басталады.