Бокс

Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола медалі табысталды

Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола медалі табысталды
news-banner7
mobile-news-top

Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындараның жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.

"Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ, бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын", - дейді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер