Қазіргі бессайыс: Ильяшенко жүзу жарысында 31-орын алды
![Қазіргі бессайыс: Ильяшенко жүзу жарысында 31-орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202108/201736_dc54190d715faa35acda5286134e5443.png?v=28649161)
Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша жарыстар жалғасып жатыр, деп жазды Prosports.kz.
Қазақстандық бессайысшы Павел Ильяшенко еркін стильде 200 метр қашықтықта жүзуде 31-орын алды (6,99 секунд).
Айта кетейік, Ильяшенко семсерлесу сынында 28-орын алған еді. Екі бағдарламаның қортындысы бойынша, ол 487 ұпаймен жалпы есепте 28-орында тұр.