Жеңіл атлетика

Олимпиада: Мамажанова қыздар марафонында 46-орын алды

Олимпиада: Мамажанова қыздар марафонында 46-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Токиодағы Олимпиада ойындарында әйелдер марафоны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі орын кениялық желаяқтарға бұйырды. Перес Джепчирчир алтын медаль, Бриджид Косгей күміс медаль жеңіп алды. «Қола» америкалық Молли Зайдельге бұйырды.

Қазақстандық Жанна Мамажанова жеңімпаздан 10 минут артта қалып, 46-орынға тұрақтады.

Олимпиада ойындары-2020. Токио, Жапония) Марафон. Әйелдер

1. Перес Джепчирчир (Кения) – 2:27:20

2. Бриджид Косгей (Кения) – 2:27:36

3. Молли Зайдель (АҚШ) – 2:27:46

4. Роза Дереже (Эфиопия) – 2:28:38

5. Ольга Мазуренок (Беларусь) – 2:29:06

6. Мелат Йисак Кеджета (Германия) – 2:29:16

46. Жанна Мамажанова (Казахстан) – 2:37:42

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер