Еркін күрес

«Өзінің күресін соңына дейін көрсете алмады». Бас бапкер Санаевтың Олимпиададағы белдесуін қорытындылады

«Өзінің күресін соңына дейін көрсете алмады». Бас бапкер Санаевтың Олимпиададағы белдесуін қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасы Олимпиададағы алғашқы медалін иеленді. 57 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Санаев Токио ойындарының қола жүлдегері атанды. Осы орайда, команда бас бапкері Әсет Серікбаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, балуандардың бүгінге дейінгі көрсеткіштерін саралады.

«Бүгін Нұрислам Санаев қола медаль иеленіп, бәрімізді қуантып отыр. Ол өте жақсы күресті. Басты қателігі – жеңіске жеттім деген оймен ерте қуанып қойды. Өзінің күресін соңына дейін көрсете алмады. Әдіс жасаймын деп ұмтылып, қарсы әдіске түсіп қалды. Әрине, Санаевтан бұдан да жоғары нәтиже күттік, бірақ, қоланың өзін үлкен жетістік деп есептеймін. Бұл жалғыз біздің емес, тұтас команданың, ел спортшыларының және жаттықтырушылардың арқасы деп ойлаймын. Өйткені, ауызбіршілік жақсы болса, нәтиже жақсы болады. Кеше Нұрислам ғана күрескен, бүгін Данияр Қайсанов пен Юсуп Батырмурзаев бозкілемге шықты.

Юсуп Батырмурзаевтан дәл мұндай күрес күткен жоқпын. Ұпай айырмашылығы үлкен болғасын, қарсыласын бағаламады. Соның салдарынан қарсы әдіске түсіп қалды. Тезірек жеңемін деп асығып кетті, үлкен қателік бұл.

Данияр Қайсанов екі кездесуін жақсы өткізді. Өте сауатты күресіп, салқынқандылық танытты. Жартылай финалда Ресей балуанынан ұтылды. Сидаковты бәрі жақсы біледі, соңғы екі әлем чемпионатының жеңімпазы. Бірінші кезеңде төтеп бергенімен, екінші кезеңде шаршап қалды.

Енді ертең кілемге шығатын балуандарымыздан жақсы нәтиже күтеміз», - деді бас бапкер.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер