Дзюдо

Әзербайжан дзюдо федерациясы жаттықтырушылар штабын қызметінен босатты

Әзербайжан дзюдо федерациясы жаттықтырушылар штабын қызметінен босатты
news-banner7
mobile-news-top

Әзербайжан дзюдо федерациясы осы спорт түрінен ұлттық құраманың барлық жаттықтырушылар штабын қызметінен босатты. Оған 2020 жылы Токиода Олимпиада ойындарындағы сәтсізсік себеп болды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Токио Олимпиадасында дзюдодан ерлер құрамасының сәтсіз өнер көрсетуінің нәтижесінде ұлттық құраманың барлық жаттықтырушылар штабы жұмыстан шығарылды. Дзюдодан жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Эльчин Исмаилов дзюдодан ерлер ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып уақытша тағайындалды», - деп хабарлайды Әзірбайжан дзюдо федерациясының ресми сайты.

Айта кетейік, Әзірбайжаннан жеті дзюдошы Токиоға келді. Олардың ешқайсысы бірде -бір медаль алған жоқ. Тек, әйелдер арасындағы бәсекеде Ирина Киндзерская (78 келіден жоғары) қола алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер