Әлем футболы

37 жастағы Кьеллини «Ювентуспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

37 жастағы Кьеллини «Ювентуспен» келісімшарт мерзімін ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» ресми сайтында қорғаушы Джорджио Кьеллинимен келісімшарт мерзімі ұзартылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

36 жастағы итальяндықпен жаңа келісімшарт 2022/23 маусымның соңына дейін есептелген.

Кьеллини 16 жыл ішінде туриндіктер жейдесінде 535 кездесу өткізіп, онда 36 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Кьеллини осы жазда Италия құрамасымен Еуропа чемпионы атанды.

Қорғаушы «қарт сеньорамен» бірге тоғыз рет Италия чемпионатын, бес рет ел кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер