«Реал» қорғаушысы коронавирус жұқтырды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Реал Мадрид» футбол клубының қорғаушысы Альваро Одриосола коронавирус жұқтырып, оқшауланды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы мадридтік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Одриосола жақында коронавирус анықталған «Реалдың» үшінші ойыншысы. Бұған дейін Давид Алаба мен Карим Бенземадан індет анықталған. Соңғысы емделіп, жаттығуға қайта оралды.