Әлем футболы

«Лестер» англиялық жартылай қорғаушымен жаңа келісімшарт жасасты

«Лестер» англиялық жартылай қорғаушымен жаңа келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Лестер» футбол клубы англиялық жартылай қорғаушы Марк Олбрайтонмен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт үш жылға жасалды, 31 жастағы ойыншы қазіргі командасында 2024 жылға дейін өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Олбрайтон «Лестерге» 2014 жылы «Астон Вилладан» ауысып келді. Содан бері футболшы 253 матсқа қатысты.

2015/16 жылғы маусымда жартылай қорғаушы командасымен бірге Премьер лига чемпионы атанды, ал өткен маусымда Англия кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер