Токиода жеңіл атлетикадан Аустралия құрамасының 63 спортшысы оқшауланды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖеңіл атлетикадан Аустралия құрамасы спортшылардың бірінен коронавирус табылуына байланысты Токио Олимпиадасында толық құраммен оқшауланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 63 атлеттің бәрі бөлмесінде оқшауланады. Себебі америкалық спортшы Сэм Кендрикстен коронавирус анықталған. Кей спортшы Кендрикспен байланысты болуы мүмкін.
Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы арасында өтіп жатыр.