Футзал

Испания чемпионатының үздік шабуылшысы анықталды

Испания чемпионатының үздік шабуылшысы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық футзал лигасы (LNFS) Испания чемпионатының 2020/2021 жылғы маусымындағы үздік шабуылшысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік шабуылшыны Испания Жоғары дивизионында бақ сынайтын командаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтады.

Бұл номинация бойынша «Интера Мовистар» командасының бразилиялық ойыншысы Пито жеңімпаз атанды. Ол бұл сында Педро Торо («Леванте») мен Ферраоды («Барсы») жеңді.

Айта кетейік, Пито келесі маусымнан бастап «Барса» сапында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер