«Шахтердің» жартылай қорғаушысы «Каспийге» ауысты

«Шахтердің» жартылай қорғаушысы «Каспийге» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Шахтердің» жартылай қорғаушысы Жан Али Пируз Ақтаудың «Каспий» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батыс Қазақстан клубы Таразға кеткен Арман Нүсіптің орнын басатын адам іздеп, оған 21 жастағы Пирузды лайық көрген.

«Шахтердің» ең талантты тәрбиеленушілерінің бірі «Каспий» сапында осы маусымның соңына дейін жалға алу келісімшартымен ойнайды.

Биыл ҚПЛ маусымында Пируз 11 матч өткізіп, бір гол соққан. Сондай-ақ, футболшы Кубокта екі рет гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер