Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың бірінші айналымында жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Тифомей Скатов Триесттегі (Италия) «Челленджердің» бірінші айналымында Беларусь өкілі Владимир Игнатикті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойында 6-7, 5-4 есебі болған кезде Игнатик кездесуді жалғастырудан бас тартты. Матч 2 сағат, 8 минутқа созылды.
26 шілдеде Скатов босниялық теннисші Нерман Фатичпен кездеседі.
Фото: Андрей Ударцев