Теннис

Елена Рыбакина: Күннің тым ыстық болғанына қарамастан, жеңіске жеттім

Елена Рыбакина: Күннің тым ыстық болғанына қарамастан, жеңіске жеттім
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Токио Олимпиадасының екінші айналымына өткен Елена Рыбакина ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті деп жазады федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

"Күн райы спортшылар үшін қиынға соқты. Тым ыстық. Осыған қарамастан, Олимпиаданы сәтті бастағаныма қуаныштымын. Бастама жаман емес. Енді бір күні демалып, сейсенбі күні швециялық Ребекка Петерсенге қарсы шығамын. Жеңіске жетіп, турнирді әрі қарай жалғастыруға тырысамын", - деді Рыбакина.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасының бірінші айналымында Елена австралиялық Саманта Стоусрды ұтты. Осыған дейін екінші айналымдағы қарсыласы белгілі болғанын хабарлаған едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер