Теннис

«Дәл осылай аяқталғаны өкінішті». Зарина Дияс Олимпиада туралы

«Дәл осылай аяқталғаны өкінішті». Зарина Дияс Олимпиада туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токи Олимпиадасына аяғының жарақатына қарамастан қатысқан. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

«Өкінішке қарай, кездесуді тоқтатуға тура келді. Өткен аптада Лозаннадағы турнирде аяғымды жарақаттап алдым. Біраз емдеген соң, жақсы болып қалғанмын. Бүгінгі кездесу кезінде аяғым қайтадан қатты ауыра бастады. Сол себепті, турнирді жалғастыра алмадым. Олимпиаданың мен үшін дәл осылай аяқталғанына қатты өкіндім», - деді Дияс.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасының бірінші айналымында Зарина Дияс 2021 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы Барбора Крейчиковамен (Чехия) кездескен болатын. Алайда, бірінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатқан Зарина жарақатына байланысты жарыстан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер