Дзюдо

Ғалымжан Жылгелдиев: Олимпиадаға Елдос алтын алады деген үмітпен келдік

Ғалымжан Жылгелдиев: Олимпиадаға Елдос алтын алады деген үмітпен келдік
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Олимпиадада қола жүлде алған Елдос Сметовке қатысты пікір білдірді.

– Олимпиадаға Елдос алтын алады деген үмітпен келдік. Бірақ қола бұйырып тұр екен. Дегенмен алда әлі төрт дзюдошымыз бәске түседі. Бізді қуантып, алтын жүлде алады деп сенеміз, - дейді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңіп, қола жүлдегер атанды. Бұл оның Олимпиададағы екінші жүлдесі. 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада күміс медаль алған еді.

Фото: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер