Дзюдо

Наохиса Такато 60 келіге дейін салмақта Олимпиада чемпионы атанды

Наохиса Такато 60 келіге дейін салмақта Олимпиада чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Жапон дзюдошысы Наохиса Такато Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келіге дейін салмақта алтын алды. Финалда ол Қытай өкілі Ян Ён Вэйді жеңді. Бұл Жапонияның 2020 жылғы ойындардағы алғашқы алтын медалі, деп хабарлайды prosports.kz.

Қолаға Елдос Сметов пен франциялық Лука Мхейдзе ие болды.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов жартылай финалда жапон спортшысы Такато Наохисадан ұтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер