Теннис

Елена Рыбакина : «Жеңіске жетуге барымды саламын»

Елена Рыбакина : «Жеңіске жетуге барымды саламын»
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол аустралиялық Саманта Стосурды 6: 4, 6: 2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ойын кезінде ауа-райы қолайсыз, өте ыстық болды. Алғашқы кездесуде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді сейсенбіде швед Ребекка Петерсенге қарсы ойнаймын. Мен жеңіске жету үшін барымды саламын», - деді Елена.

Еске салайық, Петерсен мен Рыбакина 2019 жылы Қытайдың Наньчан қаласында өткен WTA Халықаралық сериялы турнирінің финалында ойнады. Бұл кездесуде Елена екі сетте қарсыласына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер