Теннис

Олимпиада: Дияс алғашқы айналымда кездесуді жалғастырудан бас тартты

Олимпиада: Дияс алғашқы айналымда кездесуді жалғастырудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Олимпиадағы жолын жалғастыра алмады, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Дияс бірінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, чехиялық Барбара Крейчиковамен кездескен. Алайда кездесу тек 29 минутқа созылды. Чех теннисшісі 5:2 есебімен жеңіп жатқан сәтте Зарина кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакина аустралиялық Саманта Стосурды жеңіп, екінші айналымға шықты. Ал ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевке есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер