Дзюдо

Галбадрахтың жеке бапкері: Жарыстардың болмауы өз әсерін тигізді

Галбадрахтың жеке бапкері: Жарыстардың болмауы өз әсерін тигізді
news-banner7
mobile-news-top

Токиода басталған Олимпиада ойындарының екінші жарыс күні қазақстандық дзюдошы Отгонцецэг Галбадрах алғашқы айналымда жеңіліс тапты.

48 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері бірінші айналымда қытай спортшысы Ли Янаньге қарсы белдескен.

Екінші минутта Ли ваза-ари әдісін сәтті жасаған, сосын төртінші минутта тағы қайталап, қазақстандық спортшыны таза жеңді.

Айқастан соң Отгонцецэг Галбадрах пікір білдіруден бас тартты. Жеке бапкері Дашжамцын Энхбаатардың сөзінше, Олимпиадаға дейін тәжірибенің аздығы қатты әсерін тигізген.

- Олимпиадаға жақсы дайындалдық. Бірнеше жаттығу жиындарын өткіздік. Бірақ Олимпиадаға дейін аз жарысқа қатыстық. Күрес нәтижесінің бұлай болуына Олимпиадаға дейінгі дайындық кезеңінде жарыстардың жоқты, тәжірибенің болмауы әсер етті, - деді жеке бапкері.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер