«Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасының алғашқы матчында жеңілді

«Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасының алғашқы матчында жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен жарысты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайлық команда Хорватияда «Хайдук» командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Қарымта матч Қостанайда 29 шілде күні өтеді.

Конференция лигасы. 2 іріктеу кезең. 1 матч

«Хайдук» (Сплит, Хорватия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) – 2:0 (1:0)

Гол соққандар: Любичич 21 (1:0), Любичич 53 (2:0)

Төреші: Дингерт (Германия)

22 шілде. Сплит. «Полюд» стадионы.

Румыния астанасы Бухарест қаласында жергілікті «Стяуа» командасымен кездескен Қарағандының «Шахтеры» қарсыласқа минимал есеппен (0:1) есе жіберді. Бір аптадан кейін командалар Қарағандыда тағы бір ойын өткізеді.

«Стяуа» (Румыния, Бухарест) – «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – 1:0 (1:0)

Гол соққан: Кордя 38 (1:0)

Төреші: Димитриу (Кипр)

22 шілде. Бухарест. «Националь» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер