«Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасының алғашқы матчында жеңілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық «Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен жарысты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қостанайлық команда Хорватияда «Хайдук» командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Қарымта матч Қостанайда 29 шілде күні өтеді.
Конференция лигасы. 2 іріктеу кезең. 1 матч
«Хайдук» (Сплит, Хорватия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) – 2:0 (1:0)
Гол соққандар: Любичич 21 (1:0), Любичич 53 (2:0)
Төреші: Дингерт (Германия)
22 шілде. Сплит. «Полюд» стадионы.
Румыния астанасы Бухарест қаласында жергілікті «Стяуа» командасымен кездескен Қарағандының «Шахтеры» қарсыласқа минимал есеппен (0:1) есе жіберді. Бір аптадан кейін командалар Қарағандыда тағы бір ойын өткізеді.
«Стяуа» (Румыния, Бухарест) – «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – 1:0 (1:0)
Гол соққан: Кордя 38 (1:0)
Төреші: Димитриу (Кипр)
22 шілде. Бухарест. «Националь» стадионы.