Футзал

Қазақстан құрамасының қарсыласы екі жолдастық кездесу өткізді

Қазақстан құрамасының қарсыласы екі жолдастық кездесу өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Коста-Рика құрамасы Гватемаламен екі жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Коста-Рика ойыншылары екі кездесуде де жеңіске жетті. Алдымен қарсыласын 6:1 есебімен тас-талқан етті. Ал екінші матчта гватемалалықтар айтарлықтай қарсылық көрсетіп, есеп 3:2 болды.

Айта кетейік, Коста-Рика биыл күзде Литвада өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Коста-Рикамен 12 қыркүйекте кездеседі. А тобында Қазақстан мен Коста-Рикадан бөлек Литва және Венесуэла құрамасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер