«Атырау» сапына Ресейдің алты дүркін чемпионы ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Атырау» футзал клубы ресейлік тәжірибелі шабуылшы Александр Фукинмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фукиннің кейінгі клубы мәскеулік КПРФ болған. Сондай-ақ, ол мәскеулік «Динамо» мен «Норильский никель» сапында ойнаған.
36 жастағы ойыншы карьерасында алты мәрте Ресей чемпионы атанған, үш мәрте УЕФА кубогының күміс жүлдесін, үш рет Еуропа чемпионатының күміс медалін еншілеген.