«Қайрат» - «Црвена Звезда» матчының тікелей трансляциясы

«Қайрат» - «Црвена Звезда» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сербиялық «Црвена Звездаға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Црвена Звезда» осы маусымда тек бір ресми ойын өткізді. Сербия Суперлигасының бірінші турында өзінің тікелей бәсекелестерінің бірі - «Войводинамен» тең ойнады. Бұған дейін сербтер тек жолдастық матчтар өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бірінші кезеңде хайфалық «Маккабиді» (3:1) жарыстан шығарды. Егер алматылық клуб «Црвену Звездадан» өтсе, келесі кезеңде «Алашкерт» (Армения) / «Шериф» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Серб командасынан өте алмаған жағдайда «Қайрат» Еуропа лигасының үшінші айналымында сол жұптың жеңілгенмен кездеседі.

«Қайрат» - «Црвена Звезда» матчының тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:50-де басталып, QazSport телеарнасында көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер