Теннис

Қазақстандық теннисшілер Нұр-Сұлтандағы жарыстың екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисшілер Нұр-Сұлтандағы жарыстың екінші айналымына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисшілер Тимур Хабибулин мен Бейбіт Жукаев Грекия өкілі Карлос Каловелонис пен өзбек спортшысы Санжар Файзиевті Нұр-Сұлтандағы «Челленджер» сериялы турнирінде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:6, 6:3, 10:8 есебімен аяқталды. 1 сағат 9 минутқа созылған матч барысында қазақстандықтар төрт эйс жасады.

Екінші айналымда Бейбіт пен Тимур канадалық Петр Поланскимен және украиналық Сергей Стаховскиймен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бейбіт Жукаев жекелей сында екінші айналымға өткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер