Дзюдо

Сметов: Қолдауларыңыз бізге ауадай қажет

Сметов: Қолдауларыңыз бізге ауадай қажет
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның олимпиадалық командасы Токио Олимпиадасына қатысу үшін Жапония астанасына ұшып кетті.

Осы орайда, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов жанкүйерлер қолдауының маңызды екенін атап өтті.

- Қадірлі жанкүйерлер! Бүгін біз ең маңызды жарыс - Токио Олимпиадасына ұшып барамыз. Бұл бәсекеде еліміздің туын көкке көтеріп, жақсы өнер көрсету үшін барымызды саламыз. Ал сіздер бізге жанкүйер болып, тақым қысып отырыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Алға, Қазақстан, - деді Елдос.

Айта кетелік, Токиоға аттанған Қазақстан олимпиадалық командасының қатарында каратэ, бокс, нысана көздеу, стенд ату және тағы да басқа спорт түрлерінен құрама команда мүшелері бар. Спортшылардың екінші бөлігі Токиоға 28 шілдеде аттанады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер