ACA 126: Басты жекпе-жекте Егембердиев Магомедовтен жеңілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСочиде Absolute Championship Akhmat лигасы ұйымдастырған ACA 126 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Евгений Егембердиев пен ресейлік Муслим Магомедов жұдырықтасты.
Жартылай ауыр салмақтағы вакантты ACA чемпионы атағы сарапқа салынған кездесуде отандасымыз жеңіліске ұшырады. Бес раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік спортшы Евгений Егембердиевті техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, 26 жастағы Магомедов мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп, ACA лигасының чемпиондық атағын жеңіп алды. Ал 36 жастағы Егембердиев мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады, ол бұған дейін 12 мәрте жеңіске жеткен.