Юлия Путинцева Будапештегі жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі WTA 250 сериялы турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева украиналық спортшы Катерина Козлованы 6:7, 6:0, 7:5 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 38 минутқа созылды.
Еске салайық, бұған дейін 1/8 финалда Путинцева Хорватия өкілі Ану Конюхты 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.