«Жауапкершілік өте жоғары». Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына дайындық туралы

«Жауапкершілік өте жоғары». Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына дайындық туралы

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Токио Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы дайындық жұмысына кіріседі. Олимпиада ойындарында 87 келі салмақ дәрежесінде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов Olympic.kz сайтына жаттығудың қалай өтіп жатқанын айтты.

«Токио Олимпиадасына дайындық жұмыстары тыңғылықты жүріп жатыр. Бірнеше оқу-жаттығу жиынына қатарынан қатыстық. Жауапкершілік өте жоғары. Бапкерлердің сенімі мен Қазақ елі үмітін ақтағым келеді.

Олимпиада ойындарында бір салмақ дәрежесі бойынша барлығы 16 балуан қатысады. Қарсыласым болатын 15 спортшының барлығының әдіс-тәсілдерін ескеріп, әрқайсысына дайындаламыз. Мәселен, кейбіреулерінің бойы қысқа, кейбіреулерінің бойы ұзын болады. Осы сынды ыңғайссыз қарсыластарды да ескеріп, соған сай шеберлігімізді шыңдап жатырмыз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0