OCTAGON 21. Ильяр Асхановтың титулдық жекпе-жегіне проморолигі жарияланды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз16 шілдеде Алматыда өтетін OCTAGON 21 турнирінде Ильяр Асханов (8-3) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық жеңіл салмақтағы (70,3 келі) чемпион Ильяр Асханов (8-3) қазақстандық Эмрах Шавкатовпен (4-0) кездеседі.
Негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) бұрынғы чемпион Алтынбек Мағаз (7-3) қырғызстандық Нұрболот Асқарбек Уулымен (7-1) кездеседі. Бұл жекпе-жек 59 келі салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, OCTAGON 21 турнирінің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан көруге болады.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.
Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.