Дзюдо

Хамза: Олимпиада ойындары алдындағы жауапкершілік өте жоғары

Хамза: Олимпиада ойындары алдындағы жауапкершілік өте жоғары
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық татами шеберлері Алматы қаласында Токио Олимпиадасына дайындықтарын пысықтап жатыр.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін балуан Дидар Хамза дайындық барысы жайлы айтып берді.

- Біздің жыл бойы дзюдодан қатысқан жарыстарымыз Олимпиада ойындарына дайындық кезеңі болып саналды. Олимпиадаға лицензия алғанға дейін әлемдік рейтингте ұпай жинау мақсатында әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, әлемдік Grand Slam және Grand Prix сынды ірі додалардың бәріне қатыстық.

Қазір дайындықтың соңғы кезеңі. Ұлттық құрама бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің жетекшілігімен соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз.

Рейтингте он сегіз және құрлықтық квоталар бар. Токио Олимпиадасына қатысатын қарсыластар бәріміз бір-бірімізбен өте таныспыз. Себебі, осы бір олимпиадалық циклде бәрімен күресіп шықтық. Қарсыластарымыз таныс, бәрі бір-біріне дайындалып, тосыннан әдіс жасауды жоспарлап келеді.

Менің салмағымда Жапония, Бельгия, Израиль және Грузин балуандары өте мықты.

Бұл менің екінші Олимпиадам. Рио Олимпиадасына қатысқанымда 19 жаста болдым және жолдамаға да тосыннан ие болдым. Ал Токио Олимпиадасына дайындық және жауапкершілік басқа. Олимпиада ойындары әрбір спортшының арманы. Ал Олимпиаданың биік тұғырына қол жеткізу біздің арманымыздың шыңы. Соған қол жеткізу үшін қазір қолымыздан келгеннің бәрін жасап, бар күшімді салып жатырмын, - дейді Дидар Хамза.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер