Роналду УЕФА жариялаған Еуропа чемпионатының үздіктер құрамынан табылмады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУЕФА Еуропа чемпионатының символикалық құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosprorts.kz.
Турнир жеңімпазы Италия сапынан бірден бес футболшы тізімге енді. Финалға шыққан Англиядан үш футболшы.
Жарыста бес гол соғып, үздік сұрмерген атанған Криштиану Роналдуға құрамнан орын табылмады.
Еуро-2020 турнирінің үздік құрамы:
Джанлуиджи Доннарумма (Италия), Кайл Уолкер (Англия), Леонардо Бонуччи (Италия), Гарри Магуайр (Англия), Леонардо Спинаццола (Италия), Пьер-Эмиль Хёйбьерг (Дания), Жоржиньо (Италия), Педри (Испания), Федерико Кьеза (Италия), Ромелу Лукаку (Бельгия), Рахим Стерлинг (Англия).