русский язык
Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев: Бокста дамыған мемлекеттің спортшылары қауіпті қарсылас

Қамшыбек Қоңқабаев: Бокста дамыған мемлекеттің спортшылары қауіпті қарсылас
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан құрамасы қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Olympic.kz сайтына Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты.

"Қазіргі таңда "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындары болып жатыр. Бәрі ойдағыдай, жақсы. Олимпиада ойындарында құраманың бабы мен бағы қатар шауып, жақсы нәтиже көрсетуге бар күш жігерімізді саламыз.

Менің салмақ дәрежем бойынша Токиода 15 спортшы бар. Оның әрқайсысы өзінше қауіпті. Бокста дамыған мемлекеттің спортшылары үнемі басты қарсылас болып саналады", - дейді бокстан Қазақстан құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетерлігі, Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады. Ол Токио Олимпиадасында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;