Данилина Франциядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексвилл қаласында өтіп жатқан Grand Est Open 88 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық-норвегиялық жұп ширек финалда неміс Анна Класен мен француз Марин Партоны (6:0, 6:0), жартылай финалда француз Армандин Эсс пен чилилік Даниэла Сегуельді (6:1, 6:3) жеңді.
Данилина мен Айкери финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманмен кездеседі. Финалдық кездесу 11 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.