«Жақында көрісеміз». Головкин келесі жекпе-жегі жайлы айтты
![«Жақында көрісеміз». Головкин келесі жекпе-жегі жайлы айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202107/203991_cd93029efd327e74b7f02242cdc4ccfe.jpg?v=28651834)
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Twitter аккаунтында келесі жекпе-жек туралы қызық хабарлама жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Өзім және жанкүйерлерім үшін рингке шығамын. Жақында көрісеміз».
Еске салайық, Головкиннің соңғы жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсанында өткен. Поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді.