Әлем футболы

Бразилия құрамасы Америка кубогының финалына шықты

Бразилия құрамасы Америка кубогының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Рио-де-Жанейродағы «Олимпико Нилтон Сантос – Энженьян» стадионында Америка кубогының жартылай финалындағы алғашқы матч өтті. Финалға берілер жолдаманы Бразилия мен Перу сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын тағдырын 35--минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Лукас Пакетаның голы шешті.

1:0 есебімен жеңген Бразилия құрамасы Америка кубогының алғашқы финалисі атанды. «Селесао» қарсыласы Аргентина мен Колумбия арасындағы ойында анықталады. Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 7 шілдеде таңда өтеді.

Бразилия – Перу 1:0 (1:0)
Гол:
1:0 – Лукас Пакета (35)

Фото twitter.com/CBF_Futebol

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер