«Қайрат» сапына португалиялық жартылай қорғаушы ауысуы мүмкін
![«Қайрат» сапына португалиялық жартылай қорғаушы ауысуы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202107/472_45bcfa29600c520325452d207b80f653.jpg?v=28662262)
Португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвеш «Қайратпен» келісімшарт жасасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
28 жастағы шабуылдаушы хавбек Ведомствоаралық комиссия рұқсатынан кейін Алматыға келеді. Екі тарап келісімге келген.
Кейінгі үш жылда Алвеш Ресейде ойнап, «Оренбург» пен «Крыльев Советов» намысын қорғаған.