Хоккей

Қазақстандық хоккейші күннің ыстығынан есінен танып қалған

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Алексей Грищенко «Құлагердің» жаттығуында есінен танып қалды. Бұл туралы Шайба.kz сайты хабарлады.

Петропавл қаласында күндіз ауа температурасы +38 градусты көрсетіп тұрғанда хоккейшілер Купер тестін далада тапсырған. Күннің ыстығынан қорғаушы Алексей Грищенко есінен танып қалды.

Клубтың мәліметінше, хоккейшінің жағдайы жақсы, қазір ол үйінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер