«Тобыл» сапына португалиялық жартылай қорғаушы ауысты
![«Тобыл» сапына португалиялық жартылай қорғаушы ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202107/472_3103f022aee1bbe845d0f21bdd20ba4b.png?v=28651812)
«Тобыл» футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидомен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшымен еңбек келісімі 1,5 жылға жасалды. Жартылай қорғаушы 18-нөмірмен өнер көрсетеді.
Туған күні: 23 маусым 1991
Бойы: 172 см
Салмағы: 65 кг
Позициясы: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Португалия