ММА

Қазақстандық файтер Калифорнияда Головкинмен кездесті

Қазақстандық файтер Калифорнияда Головкинмен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер, жартылай орта салмақтағы Fury FC лигасының чемпионы Николай Веретенников АҚШ-та отандастары - боксшылар Геннадий Головкин және Али Ахмедовпен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Веретенников инстаграм желісінде Головкин және Ахмедовпен бірге түскен суретін жариялады. Олар Дана-Пойнтегі (Калифорния, АҚШ) барбекюге шықты.

Айта кетейік, биыл мамырда Николай Веретенников бірінші раундта америкалық Энтони Айвиді жеңіп, Fury FC промоушенінің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды. Қазақстандық файтерді ММА әлемнің жетекші лигасы UFC-дің президенті Дана Уайт жеке құттықтап, оны жеңімпазы UFC-мен келісімшартқа ие болатын Dana White Contenders Series (DWCS) турнирлерінің біріне қатысуға шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер