Әлем футболы

УЕФА Швейцария — Испания мен Бельгия — Италия матчтарына төрешілер тағайындады

УЕФА Швейцария — Испания мен Бельгия — Италия матчтарына төрешілер тағайындады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА футболдан Еуропа чемпионаты ширек финалындағы Швейцария — Испания және Бельгия — Италия матчтарына төрешілер тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцария мен Испания матчында англиялық төрешілер бригадасы жұмыс істейді. Бас төреші — Майкл Оливер, оның ассистенттері — Стюарт Бэрт пен Саймон Беннет. Қосалқы төреші Овидиу Хацеган (Румыния) болды.

Ал Бельгия — Италия матчында словениялық Славко Винчич бас қазы болады. Оның көмекшілері — Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич. Қосалқы төреші аргентиналық Фернандо Андрес Рапаллини болады.

Швейцария — Испания матчы 2 шілдеде Санкт-Петербургте өтеді. Елорда уақытымен 22:00-де басталады. Бельгия мен Италия сол күні Мюнхенде кездеседі. Ойынның басталуы — 01:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер