Әлем футболы

Еуро-2020. Стерлинг пен Кейн Германияны жарыстан шығарды

Еуро-2020. Стерлинг пен Кейн Германияны жарыстан шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалының жетінші матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында ағылшындар Германия ұлттық құрамасын қабылдады. Гарет Саутгейт шәкірттері топтық кезеңнен бірінші орынмен шықса, немістер Францияны алға жіберіп, Португалияны артта қалдырып, екінші орын иеленіп плей-оффқа жолдама алған еді.

Мамандар мен жанкүйерлер күткендей қос команда матчты өте сақ бастады. Бірінші тайм барысында гол соғылатын сәттер аз болды. Ал, екінші тайм барысында ағылшындардың турнирдегі үздігі Рахим Стерлинг өзі шабуылды бастап, Люк Шоудан пас алып, есеп ашып кетті. Ал, матч аяқталарға аз қалғанда Харри Кейн қорытынды есепті тіркеді - 2:0!

Осылайша, Англия құрамасы 1/4 финалға жолдама алды. Ағылшындар Швеция - Украина жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұл матч елорда уақытымен 01:00-де басталады.

Еуро-2020. 1/8 финал

Англия - Германия - 2:0(0:0)

Гол соққандар: Рахим Стерлинг 75, Харри Кейн 86

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер