Командалық

Талдықорғанда регбиден жастар арасында ел үздіктері анықталды

Талдықорғанда регбиден жастар арасында ел үздіктері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда регбиден жастар арасында үздік команда анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Регбиден V Жазғы спорттық жастар ойындарында ұлдар мен қыздар арасында бәсеке өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында Алматы облысының командасы топ жарды. Алматы қаласы екінші орыннан көрінсе, Шымкент қаласының құрамасы үшінші орынға жайғасты.

Ал қыздар арасындағы бәсекеге Алматы құрамасы жеңімпаз атанды. Алматы облысының командасы екінші болса, Қостанай облысының өкілдері үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ, аталған республикалық бәсекеде үздік ойыншылар да анықталды. Ұлдар арасында Алматы облысының өкілі Илья Белашов марапатталса, қыздар арасында Алматы құрамасының намысын қорғайтын Екатерина Ардаширова үздік деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер