Атлетика

Көркем гимнастикадан Тәуекел кубогына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Көркем гимнастикадан Тәуекел кубогына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Шілде айында көркем гимнастикадан Мәскеу (Ресей) және Минск (Беларусь) қалаларында Тәуекел кубогі кезеңдері өтеді. Ірі әлемдік жарысқа Қазақстан командасының мүшелері де қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлия Юсупова жаттықтыратын көркем гимнастар екі елдегі бәсеке дайындалып жатыр. 2-4 шілде аралығында Минскіде Айбота Ертайқызы мен Ділназ Байленова сынға түседі.

Ал 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтетін кезеңде Сабина Бақатова мен Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған екі спортшы Ресейдегі Ирина-Винер Усманованың академиясында жаттығатынын естеріңізге саламыз.

Айта кетелік, көркем гимнастикадан Қазақстан командасының еншісінде Токио Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Лицензиялық Азия чемпионатында Алина Әділханова жеңіске жетіп, Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер